Алматыда жылу қашан қосылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда əлеуметтік нысандарға жылу əдеттегіден 1 апта бұрын беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медицина, білім беру жəне басқа да əлеуметтік нысандарға жылу орталық жылыту жүйесіне 9 қазаннан бастап беріледі», - деп мәлім етті қалалық энергетика жəне коммуналдық шаруашылық басқармасынан.

Тұрығн үйлерге жылу 15 қазаннан беріледі.

Жаңа жылыту маусымының мерзімі метеорологиялық болжамға сəйкес белгіленді.

«Жылыту маусымы тəуліктік орташа температура +8 градусқа жеткенде қосылады», - деді басқармадан.

Əкімдіктен хабарлағандай, жылу жүйесіне алдымен

- балаларға арналған, емдеу мекемелері, мектептер, кəсіби мектептер, 

- тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;

- əкімшілік ғимараттар, білім беру мекемелері,  театрлар қосылатын болады.

Соңғы жаңалықтар