Алматыда жыл соңында үш әкімшілік сауда кешені ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жыл соңына дейін 200 мың шаршы метрден асатын үш әкімшілік сауда кешені ашылады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда ауданда жаңа өндірістер мен кәсіпкерлік субъектілерінің ашылуына, жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше назар аударылып отыр. Жылдың соңына дейін үш ірі нысан ашылады: «Абылай хан Плаза» сауда-әкімшілік кешені, «Жібек жолы» сауда-құрылыс орталығы және «Кайсар Плаза» әкімшілік ғимараттары. Ғимараттардың жалпы көлемі - 201 098 шаршы метр. Оған тартылған инвестициялар соммасы 45 млрд. теңгені құрап, 1000-нан астам жұмыс орны құрылады», - деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, аудан әкімі 88 балалар ойын алаңы мен 37 спорт алаңы орнатылған 93 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізілгенін айтты.

«Келесі жылға 100 ауланы жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Биылғы жылы қазан айында Тілендиев көшесінде 160 орынға арналған «Айбала» жекеменшік балабақшасы ашылды. Сонымен қатар, аталған мәселені шешуге бизнес-құрылым өкілдері де тартылуда, Атап айтқанда мемлекеттік-жекешелік серіктестігі негізінде Тілендиев көшесінде 400 орынға арналған балабақша құрылысы жобасы жүзеге асырылуда»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар