Алматыда жүріп келе жатқан көліктің дөңгелегі жұлынып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүріп келе жатқан көліктің дөңгелегі жұлынып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол апаты Райымбек даңғылында Әуезов көшесіне жете бергенде шығыс бағытта болған.



Жолда келе жатқан Тойота көлігінің дөңгелегіндегі бөлшегі кенеттен босап кеткен. Соның салдарынан көлік жолдың сол жағына шығып кетіп, қоршауға барып соғылған.

Сол мезетте дөңгелек темір қоршауға қыстырылып қалып қойған. Ал көліктің өзі инерциямен бірнеше метр ұзап барып тоқтаған. Көлікте сол мезетте үшін адам болған.

Жол апатынан жүргізуші бойжеткен жапа шеккен. Алайда, ол ауруханаға жатудан бас тартты. Ал екі ер адамға ештеңе болған жоқ.






Соңғы жаңалықтар