Алматыда жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Саз станциясында жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кетті, салдарынан 8 жолаушылар пойызы уақытынан кешігуде деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

 2016 жылғы 7 қарашада таңғы 5 сағат 18 минутта Алматы жол бөлімшесінің Алматы-Отар желісіндегі Саз станциясында екінші жолдан  №2851 жүк пойызының 12 вагоны шығып кетті.

Оқиға орнында Алматы жол бөлімшесінің қалпына келтіру пойызы жұмыс істеуде. 8 жолаушылар пойызы кестеден кешікті. Пойыз қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Пойыз қозғалысы алдағы үш сағатта қалпына келтірілетін болады.

Апат себебін анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанынан арнайы комиссия құрылды.

 

 

Соңғы жаңалықтар