Алматыда жолдың қарсы бетіне шығып кеткен троллейбус жүргізушісі әкімшілік жазаға тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолдың қарсы жолағына шығып кеткен №12 бағдардағы троллейбус жүргізушісіне айыппұл салынды.

Алматы қаласы жергілікті полициясының хабарлауынша, жол ережесін бұзған троллейбус жүргізушісі ҚР ӘҚК 596-бабының 3 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Әкімшілік хаттама негізінде 1980 жылы туған К. есімді троллейбус жүргізушісі Әуезов көшесімен келе жатып, Төле биге жақындаған тұста жолдың қарсы жолағына шығып кеткені анықталды», делінген хабарламада.

null 

Соңғы жаңалықтар