Алматыда жолаушыға тап берген кондуктор жұмысынан қуылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолаушымен шекісіп қалған қоғамдық көлік кондукторына шара қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кондуктор мен жолаушы арасындағы дау әлеуметтік желілерде жарияланып, қоғам наразылығын тудырған болатын.

«Жолаушының «Оңай» картасы істемей қалған. Барлық жолаушылар жол ақысын төлеген. Оқиға бойынша, 79-шы бағдар автобусының жүргізушісіне қатаң сөгіс жарияланды. Ал кондуктор жұмысынан шығарылды. «Green Bus Company» ЖШС компаниясының әкімшілігі оқиға туралы ақпарат үшін алғыс айта отырып, кешірім сұрайды», - деді аталған компаниядан.

Айта кетейік, оқиға туралы бейне материалды жолдаған жолаушы керісінше автобустағы терминалдың жұмыс жасамай тұрғанын айтқан болатын.

«Жігіт «Рахат» аялдамасынан мінді. Картасын жақындатқанымен терминал қабылдамады. Жігіт кондукторға барып, неге терминал істемей тұрғанын сұрады. Кондуктор оның картасы істемей тұрғанын айтып, қолма қол ақшамен есеп айрысуды сұрады. Одан кейін екеуі терминалдың көмегімен оның картасындағы қаражатты тексерді. Оның шотында 800 теңге бар болып шықты. Бірақ, терминал «карта бұғатталған» деп көрсетті. Кондуктор ақша талап еткенімен жігіт терминалдың істемей тұрғаны оның мәселесі емес екенін айтып, бас тартты. Кондуктор жігітке тап беріп, автобусты басына көтеріп боқтады», -деп жазған болатын жолаушы.

Алайда, «Green Bus Company» ЖШС Алматы филиалының әкімшілігі автобустағы терминалдың жұмыс істеп тұрғанын мәлім етті.

Добрый день!сегодня ехала в автобусе 79 , под номером KZ036FW, бортовой кузов 7054 и наблюдала такую картину. Зашёл парень ,на остановке рахат начал пробивать карту, но терминал давал отказ.Парень обратился к кондуктору ,почему не работает терминал кондуктор ему в ответ -"Ваша карта заблокирована, давайте наличные" после чего с помощью терминала они проверили баланс на счёту у парня было 800 тенге.Но терминал все-ровно писал что карта заблокирована.Кондуктор сказал оплатить наличными ,парень отказался отдавать наличные за проезд ссылаясь на то,что это их проблема.Далее дела обстояли напряжённо, кондуктор автобуса начал кидаться на парня ,материться во весь автобус! Позже водитель остановил автобус и начал наезжать на парня за то что тот не платит 80 тенге. В это время весь автобус стоял ждал в жару 40 градусов. Как вы думаете кто прав кто виноват? @akimat_almaty

A post shared by Online #1ViP@kris_p_almaty🇰🇿 (@kris_p_almaty) on Jul 27, 2017 at 6:57am PDT

Соңғы жаңалықтар