Алматыда жол ережесін бұзған 300 қоғамдық көлік жүргізушісі жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Автобус» жедел-сауықтыру шарасы аясында 300 қоғамдық көлік жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

«Рейд барысында инспекторлар қоғамдық көліктің техникалық жағдайының талапқа сай болуын, қосымша шығу жолдарын, рөлі, тежегіші және жылу бөлу тетігінің дұрыс жұмыс істеуін тексереді», - дейді Алматы полиция қызметінің басшысы полиция подполковнигі Жасұлан Байкенов.

Ведомство техникалық ақау түрлі апаттарға соқтыратыны атап өтті. Қоғамда елеусіз ғана ақаудың үлкен көлік апатына себеп болған жағдайлары аз емес. Полицейлер шара барысында ондай көліктерді пайдалануға тыйым салмақ.

 

Соңғы жаңалықтар