Алматыда жол апатынан үш адам қаза тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Рысқұлов пен Шәріпов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Көлік апатынан үш адам қаза тауып, бір адам зардап шекті.

Toyota Ipsum маркалы көлік Шәріпов көшесі бойымен оң бағытта, ал Mercedes-Benz батысқа қара бара жатқан.

Әзірге белгілісі, жүргізушінің бірі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Екі машина көше қиылысында соқтығысты.
Апат салдарынан Toyota көлігіндегі екі бойжеткен және Mercedes жүргізушісі қаза тапты, Toyota Ipsum жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы әзірге белгісіз. Апаттың мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар