Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан төрт адам, соның ішінде бүлдіршін зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Жол-көлік оқиғасы «Ялян» базарының маңында болды.

«Тойота» көлігі Солтүстік айналма жолмен оңтүстік бағытта келе жатқан. Кенеттен оның алдын джип кесіп өткен. Салдарынан «Тойота» қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, "Лада 2109" көлігін бүйірден ұрған.  

Соққыдан «Тойота» жолаушылары - қарт ер адам мен  бүлдіршін, Жигулидің жүргізушісі мен жолаушысы жараланды.

Жедел жәрдем зардап шеккендерді ауруханаға алып кетті. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар