Алматыда жол апатынан бір әйел зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Абай даңғылында екі автомобиль соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол-көлік оқиғасы Абай даңғылынан батыс жақ бағытта Брусиловский көшесіне жақын маңда болған. Toyota Camry жүргізушісінің сөзіне қарағанда, ол Абайдың бойымен батыс бағытқа бара жатқан, кенеттен оның машинасын артынан қаққан, қатты соққының салдарынан машина сырғыған күйі билбордқа тіреліп тоқтаған.

Ал Toyota Марк 2 жүргізушісінің айтуынша, оның алдында келе жатқан машина бірден  тоқтаған, бұл да тежегішті басқан бірақ  кеш қалған, салдарынан  Toyota Camry-ға одан әрі қоршауға соғылған.

Жол апаты салдарынан бір әйел - Toyota Camry жолаушысы зардап шекті. Машиналар қандай жылдамдықпен келе жатқанын және жол-көлік апатына кім кінәлі екендігін полиция анықтайтын болады.  









Соңғы жаңалықтар