Алматыда жоғалып, Ақтөбеден табылған жігітте дене зақымы жоқ - ІІД

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Із-түзсіз жоғалып, кейін Ақтөбеден табылған Алматы облысының тұрғыны Темірхан Иман-Зұппардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпара  тілшісі.

«Кеше кешкісін Темірхан жақындарымен бірге Ақтөбеден Алматыға ұшақпен жетті. Қазір ол өз үйінде. Темірханда айтарлықтай дене зақымы байқалмады. Жақын күндері жігіттің өзінен болған жайтты сұраймыз және оның жоғалып кетуіне не түрткі болғанын анықтауға тырысамыз», - деді облыстың полицейлері.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпан күні Қарасай ауданындағы Шамалған ауылының 1994 жылғы тұрғыны жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Ол араға 8 күн салып Ақтөбе қаласынан табылды. Жігіттің әпкесі Баян Сейітованың айтуынша, Темірхан Иман-Зұппар есінен айырылып қалған,

«Ақтөбеге қалай келгенін білмейді. Бірақ әйтеуір анамыздың телефоны есінде екен. Соған қоңырау шалыпты. «Мама, мен жұмысқа бара жатыр едім ғой» депті. Есінде мүлде ештеңе жоқ», - деді Баян Сейітова.

Соңғы жаңалықтар