Алматыда жоғалған жасөспірім қызбен танысуға Жамбыл облысына кеткен

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 21 және 28 ақпанда жоғалған жасөспірімдер табылды. Із-түзсіз кеткен екі бала да Іле ауданының тұрғындары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі жасөспірім бір ауданның тұрғындары болғанымен, бір-бірін танымайды. Екеуі де Алматы қаласындағы колледждердің бірінде оқиды. Іздеу барысында біреуі компьютерлік клубтан табылды. Осы уақыт аралығында ол достарының үйін кезекпен паналап жүргені анықталды. Ал екіншісі Жамбыл облысынан табылды. Ол әлеуметтік желіде танысқан қызбен кездесу үшін сол облысқа кетіп қалған», деп мәлім етті  облыстың ІІД баспасөз қызметі.

Табылған балалар дін-аман және қазіргі таңда ата-анасымен бірге. Ал олардың себепсіз үйден қашып кеткеніне байланысты әкімшілік іс қозғалып, сотқа жөнелтілетін болады деп толықтырды полицейлер.

Соңғы жаңалықтар