Алматыда жоғалған оқушыны экстрасенс тазару рәсіміне шақырғаны белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының Қоғамдық қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Ислам Угушев Facebook-тағы өзінің парақшасында сегізінші сыныпта оқитын қыз баланың із-түзсіз жоғалуына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады.

Оның сөзіне қарағанда, жоғалар алдында оқушы қыз өзінің әлеуметтік желілердегі барлық аккаунттарын өшіріп тастаған. Оған Әмір есімді әлдебір жігіт себеп болған.

«Шамамен екі апта бұрын Әмір есімді бұл жігітпен сөйлескен едік. WhatsApp-тағы жазбаларынан оның экстрасенс екенін, жасы 30-да және ол әуежайға жақын жерде тұратынын білдік. Балгер қызыма әлдеқайдағы тазару рәсімінен өтуді қайта-қайта ұсынатын. Адам мүлде жүрмейтін жерлерге кездесуге шақыратын, мысалға, зиратқа, халық көп бармайтын саябақтар мен аллеяларға», - дейді жоғалған қыздың анасы Елена Овчарова.

Бұл мәлімет құқық қорғау органдары қызметкерлеріне берілді. Оқушы қызды іздеумен полицейлер және еріктілер айналысуда.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жасалған қоңыраулар бойынша Александра Щербакованың соңғы болған жерін анықтаумен айналысуда», - деп жазды Угушев.

Александра Щербакова - № 22-орта мектептің сегізінші сынып оқушысы. 19 қазан күні таңертең жоғалды. Анасы Е.Овчарованың айтуынша, ол мектепке кеткен. Бірақ оның мектеп формасы мен портфелі үйде қалған. Сондықтан анасы қызын дереу іздеуге кіріскен. 

Соңғы жаңалықтар