Алматыда жезөкшелердің ірі желісін ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істерминистрлігінің Криминалдық полициясы Алматы аумағында жезөкшелердің ірі желісін ұйымдастырған қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті. Бұл жайында аталған ведомствоның Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп  хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Жедел қызметкерлер қылмыстық сызбаның әрбір қатысушысының рөлін, сонымен қатар интимдік қызмет көрсететін жезөкшелердің  орын ауыстыру тәсілін, төлем мен қылмыстық жолмен табылған ақша қаражатын аудару формасын құжаттады. Ұсталғандардың тұрғылықты жерлерінен, сондай-ақ қаладағы 16 саунадан құқыққа қайшы іс әрекеттерді дәлелдейтін клиенттік базаға қатысты жазбалар, ұялы телефондар, кеңсе техникалары мен бухгалтерлік құжаттар. Қазіргі уақытта ұсталғандар мойындау жауаптарын беруде», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар