Алматыда жер алып беремін деп жұртты алдаған келіншек ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жер алып беремін деп жұртты алдады деген күдікпен 40 жастағы келіншек ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде полицияға 5 адам шағымданып үлгерді. Назымгүл Халықова олардан 5 млн теңге алған.

«Назымгүл Халықова адамдарға жер алып беремін деп ақша алған. Алайда, уәдесін күнде соза берген соң жапа шеккендерге арыздануға тура келген. Күдіктінің өзі болса, жақын танысына алданып қалдым деп отыр. Ол кісінің әрекетінен жапа шеккен адамдар болса 298-53-01; 298-53-02, 298-53-03 нөмірлеріне хабарлассын», - деді Әуезов ауданы ІІБ басшысы Бақыт Қасабеков. 

Соңғы жаңалықтар