Алматыда жеңіл көлік жол жөндеу үшін төгілген құмға кіріп кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының орталық көшелерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары күндіз жол кептелісін тудырып қана қоймай, кейбір жолаушылардың абайсызда жол-көлік апатына ұшырауын себеп болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Алматыда жүргізуші әйел «Тойота Рав 4» көлігімен Қабанбай батыр көшесімен шығыс бағыттан келе жатып, Наурызбай батыр көшесіне жетпей, жол шетінде төгілген құмтастарға соғылған.

Куәгерлер ол жерде ешқандай ескерту белгісі болмағанын, әйел адам байқамай қалғанын айтады. Ескерту белгілері арықтарда шашылып жатқан. Жол апатына ұшыраған келіншекті жедел жәрдем алып кеткен.

Оқиға орнына полиция шақыртылды.

Соңғы жаңалықтар