Алматыда жастарды баспанамен қамтуға 2 млрд теңге бөлінеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі халықпен есепті кездесуі барысында қала жастарының болашағына қатысты мәселелерді қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бауыржан Байбек Елбасының тапсырмасына сәйкес қала жастарын қолдау бағытында 2020 жылға дейінгі жол картасы қабылданғанын айтты. Былтырдың өзінде осы бағытта 4 млрд теңге жұмсалды.

«Қазір Алматы тұрғындарының шамамен жартысы - жастар. Олардың орта жасы 33,5 жас. 200 мың жуық студент білім алады. Бұның артықшылығымен қатар қиыншылықтары да бар. Республика бойынша жастар жұмыссыздығының ең жоғарғы көрсеткіші - 6,5 пайыз. Бұл көрсеткіш Алматыға тиесілі. «Алматы жастарын қолдау - 2020» жол картасы қабылданды. Былтыр 4 млрд теңге бөлінді. «Алматы жастары» бағдарламасы аясында алдын ала үй құнының 5 пайызын ғана төлеп, несие алу мүмкіндігіне ие болды. 6 мың адам өтініш білдірді. Балдық жүйемен 100 өтініш қабылданды. Сұраныстың көптігіне байланысты биыл да бұл бағдарлама өз жалғасын табады. Былтыр 1 млрд теңге бөлінсе, биыл 2 млрд теңге қарастырылған», - деді Бауыржан Байбек.

Соңғы жаңалықтар