Алматыда жалғыз басты қарттарды өлтіріп, пәтерлерін иемденіп келген қылмыстық топ ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі Алматыда өңірдегі қылмыстық ортаның «серкесі» басқаратын ұйымдасқан топты құқықтады. Бұл туралы ҚР ІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, қылмыстық топтың құрамында нотариустар, бұрынғы полиция қызметкері сынды 20-дан астам адам болған.

«Олар жалғыз басты қарт адамдарды өлтіріп, кейін олардың пәтерлерін заңсыз рәсімдеу және сатумен айналысқан. Тергеу барысында қазірдің өзінде олардың із-түссіз жоғалғандар санатына жатқызылған 4 адамның пәтерін иемденіп, сатып жібергендігі анықталды. Жалпы бұл топ шамамен 45 қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр. Топтың барлық мүшесі ұсталып, қамауға алынды», - деді Алмас Сәдубаев.

Соңғы жаңалықтар