Алматыда зейнеткер көлік астына түсіп, қаза тапты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда  78 жастағы зейнеткерді автомобиль қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Сейфуллин көшесі мен Жансүгіров көшелерінің қиылысына жақын маңда болды.  

BMW 5  Сейфуллин көшесімен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқан. 1940 жылы туған зейнеткер, жаяу жүргінші жолды кесіп өтпек болады.  BMW жүргізушісі қапелімде қартты байқамай қағып кеткен.

Алған жарақатынан жүргінші жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Кінәліні полиция анықтайды.


Соңғы жаңалықтар