Алматыда велошеру маусымының жабылуы өтеді

None
None
None

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазанның 22-і күні  алып шаһарда  «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында биылғы велошеру маусымының жабылуы өтеді, деп хабарлайды Ақпараттық және спорттық ХАБ.

Таңғы сағат  08:30-да велошеру қатысушылары «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналып, ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотореяның  нөмірлерін  алып, одан кейін 8 шақырым қашықтықты жүріп өтетін болады. Осы велошерудің бағыты: Сейфуллин, Сәтпаев, Байзақов, Абая және  Желтоқсан көшелері. Ал спорттық шараның  мәресі - жөндеу жұмыстарынан кейін ашылған Астана алаңы. 

Мәреде қатысушылардың арасында көптеген бағалы сыйлықтар, 10 велосипед ойнатылып, концерттік бағдарлама ұымдастырылады.  Сонымен қатар, мәреге бірінші келген 600 әуесқойға медалдар  табысталады.  

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.

Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудің соңғысы болып саналады. Осы велошеру «Hawaii» аквапаркі, «Fuse tea» және «Bon aqua» компанияларының демеушілігімен өтеді.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар