Алматыда велошеру маусымы аяқталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда велошеру маусымы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласында әуесқойларға арналған велошеру маусымы аяқталды. Биылғы маусымды қорытындылауға 1 мыңға жуық велосипедші қатысты.

21-ші велошеру қатысушылары әдеттегідей, жексенбі күні таңғы сағат 08:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығының маңына жиналып, Астана алаңына қарай 8 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Мәреге бірінші келген 600 әуесқойға медальдар табысталды. Сонымен қатар, қатысушылардың арасында көптеген бағалы сыйлықтар, оның ішінде басты сыйлық - 10 велосипед ойнатылды.

Айта кетейік, енді әр жексенбі сайын 19:00-ден 21:00-ге дейін Медеу мұз айдынында велошеруді ұйымдастырушы «Спорттық Алматы» бағдарламасы коньки тебуді тегін үйретуді қолға алады. 

Еске сала кетсек, биылғы велошеру маусымы 10 сәуірде басталған болатын. Жалпы, 21 велошеруге 21 мыңнан астам адам қатысты.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында қолға алынған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар