Алматыда ұйымдастырылған көрмеде Амангелді Имановтың қаруы көрсетілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ұйымдастырылған көрмеде Амангелді Имановтың қаруы көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейінде тұңғыш рет 1916 жылғы көтерілістің 100 жылдығына арналған «Қазақ көтерілістері. Азаттық мұраты» атты көрме өтті. 
Көрме «5 институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары» және ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай жүргізілген жұмыстар шеңберінде жүргізілді.  
Көрменің ашылуында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі директорының орынбасары Бейбітқали Қақабаев басты міндетін айтып берді.


 

«Бұл шаруалар қозғалысы еді. Мақсат патшалы Ресейдің бодандық саясаты мен орыстандыруға қарсылық-тұғын. Мұнда Торғай мен Қостанай облысы мұражайларының құжаттары жинақталып, беріліп отыр», - деді ол.

Көрмеге А.Имановтың немересі Амангелдиев Батырұлан Рамазанұлы да келді.

Көрмеде көтеріліс жетекшісі А.Имановтың ұстанған жеке заттары, атыс қарулары мен суық қарулары, ұсталық құралдары көпшілік назарына ұсынылды.

Айта кетейік, көрме Жетісу мен Торғай көтерілісінің жетекшілері мен қатысушыларының қызметін жан-жақты ашуға бағытталған «Жетісу көтерілісі», «Торғай көтерілісі», «Ұлт-азаттық көтеріліс кино өнері әлемінде» деп аталатын үш бөлімнен тұрады.

 

«Жетісу көтерілісі» деп аталатын бірінші бөлімде патша әскерін жазалау операцияларына қатысты мұрағаттық материалдар мен  Қазақстан Орталық мемлекеттік музейі қорынан алынған көтеріліс қатысушысы  Тоқаш Бокиннің фотоқұжаттық материалдары ұсынылған. «Торғай көтерілісі» атты көрменің екінші бөлімінде көтеріліс жетекшілері мен оның қатысушыларының тарихи рөлін айғақтайтын көптеген фотоматериалдар бар.

Аталған бөлімдегі ерекше орынды Торғай көтерілісінің жетекшілері  А.Иманов пен Ә.Жангелдиннің жеке кешендерінен берілген фотоқұжаттық материалдар алып отыр. 

Көрменің «Ұлт-азаттық көтеріліс кино өнері әлемінде» атты үшінші бөлімінде «Амангелді» кинофильмі мен Қазақ академиялық театрының спектакльдерінен алынған эпизодтарының фотоматериалдары ұсынылды. Сондай-ақ Халық суретшісі Ә.Қастеев пен Б.Урманченің кескіндемелері мен суреттері қойылған. 

 null null  null  null    

Соңғы жаңалықтар