Алматыда үйдің қоршауға алынғаны туралы ақпарат анықталып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек Алматыда жол-патруль полицейлері тарапынан жүргізілген шара арнайы операция емес, анықтау шарасы екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл арнайы операция емес. Жетісу ауданында тұратын тұрғын 102 нөміріне соғып, «менде қару бар» деген де, телефонды қоя салған. Мекенжай бойынша жол-патруль полициясы барды. Есік жабық. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Адам мас болғаннан кейін айтқан болуы мүмкін, оны да жоққа шығармаймыз», - деді  Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ-та Алматы қаласы Туркменская көшесі №27 үйде арнайы операция жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар