Алматыда үй қоршауына соғылған көлік жүргізушісі мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда SubaruForester автомобилінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, тұрғын үйдің кірпіштен қаланған дуалын соққан. 

Апат салдарынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі оқиға орнынан.

 Белгілі болғандай, шетелдік маркалы машина Постушев көшесінің бойымен сол жақ бағытқа бара жатқан. Шамасы, жүргізуші рульге ие бола алмай, үйдің қоршауына соғылған.



32 жастағы ер адам сол жерде қаза тапты. Үй бүлінбеген, тек кірпіш дуал қираған.

Апаттың мән-жайын Алматы полициясы анықтап жатыр. 











Соңғы жаңалықтар