Алматыда үстел теннисінен әлем чемпионатына іріктеу жарысы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда үстел теннисінен республикалық әлем чемпионатына іріктеу жарысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іріктеу ертең, яғни жексенбі күні басталып, қаңтардың 16 күніне дейін жалғасады.

Аталған сында үздіктер қатарынан көрінген теннисшілер Швецияның Хальмстад қаласындағы үстел теннисінен командалық әлем чемпионатына жолдама алады.

Іріктеуге астаналық Кирилл Герасименко қатыспайды. Ол қазіргі таңда Венгрияда өтетін (18-21 қаңтар) әлемдік турға дайындалуда.

Соңғы жаңалықтар