Алматыда ұсталған қырғызстандықтарға айып тағылды - арнайы операция

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда арнайы операция кезінде қолға түскен қырғызстандықтар Алмалы аудандық сотының санкциясымен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, оларға ҚР ҚК 234-бабы 3-бөлігі, 2-тармағы (Мемлекеттік фунция атқаруға өкілетті тұлғаның Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекаралары арқылы ірі көлемдегі тауар немесе құралдарды тасымалдауы) және ҚР ҚК-нің 236-бабы 2-бөлігі бойынша (Транс ұлттық ұйымдасқан топқа немесе ұйымға қатысу) күдікті ретінде айып тағылып отыр. 

Бұған дейін хабарланғандай, арнайы операция Қазақстанның 3 облысы мен Алматы қаласында жүргізілген болатын. Шара барысында 35 күдікті қолға түсті. Оның үшеуі Қырғыз Республикасының азаматы. 

Соңғы жаңалықтар