Алматыда Универсиаданың мәртебелі меймандарының біріне ота жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан Универсиадада FISU-дың құрметті қонағы, финляндиялық Фин Ристониненнің жүрегі сыр беріп, ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Универсиаданы дайындау және өткізу дирекциясының директоры Наиль Нұровтың сөзіне сілтеме жасай отырып.

«Кеше FISU-дің құрметті мүшесі, жақын уақытқа дейін Финляндияның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болған Фину Ристониненнің жүрегі сыр беріп, ауруханаға жеткізілді. Оған ота жасалып ол сәтті өтті. Мәртебелі қонақ қазір жалпы бөлімге ауыстырылды», - деді дирекция директоры.

Оның айтуынша, дәрігерлер оның жағдайы жақсы екенін айтып, бір-екі күнде шығатынын хабарлаған.

Сонымен қатар, Наиль Нұров Универсиада аясында болған тағы бір оқиға туралы айтып берді.

Оның айтуынша, Қытай делегациясының мүшесі жоғалып кеткен.

«Қазір жалған хабарды тоқтаттық. Қытай делегациясының мүшесі табылды. Барлық құтқару қызметін іске қосты. Ол тауда жоғалып кеткен екен десек, төменге түсіп жылы бөлмеде жылынып отырған екен. Бәрі дұрыс болды», - деді Нұров.

Соңғы жаңалықтар