Алматыда Универсиаданың алғашқы күні басталды
28 қаңтар күні Ұлыбритания, Қазақстан, Канада, Қытай, Словакия, Латвия мен Жапонияның хоккейшілері медальға таласады.
Ерлер командасы Халық Аренада, ал әйелдер - Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында бақ сынайды.
Шайбалы хоккей - ерлер
12:30 - Словакия - Ұлыбритания, топтық кезең.
16:00 - Жапония - Латвия, топтық кезең.
19:30 - Қазақстан - Қытай, топтық кезең.
Шайбалы хоккей - әйелдер
16:30 - Канада - Қытай, топтық кезең.
20:00 - Қазақстан - Ұлыбритания, топтық кезең.
Айта кетейік, «Халық Аренадағы» билеттің құны 500-700 теңгені, ал Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында билеттің бағасы - 300-500 теңгені құрайды.
Қысқы Универсиада аясында алғашқы хоккей жарысы 1962 жылы Вилар қаласында (Швейцария) өткен. Сайысқа 4 ерлер командасы қатысқан. 2009 жылы Харбинде өткен 25-ші Қысқы Универсиада кезінде іс-шара бағдарламасына 6 елден қатысқан әйелдер командасы қосылды.
Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік Универсиаданың ашылу салтанаты ертең - 29 қаңтар күні өтеді.