Алматыда Ұлы дала ойындары өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы орталық ипподромда ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала ойындары» республикалық фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

nullnull
«Спорттық Алматы»  бағдарламасы аясында ұйымдастырылған дүбірлі додада 600 спортшы бағын сынауда.

Ашылу салтанатында қала  әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласында мәдениет пен жеке ұлттық кодты сақтауға үлкен назар аударғанын айтты.
null

 «Мемлекет басшысы еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап төл құндылықтарымызды насихаттау арқылы ұлттық сананы жаңғыртуды басым бағыт ретінде айқындап берді. Соның арқасында халқымыз ұмыт бола бастаған тілімен, өзіндік мәдениетімен, салт-дәстүрімен қайта қауышты. Мемлекет тарапынан Ұлттық спорт түрлеріне, оның ішінде көкпар, аламан бәйге, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі сынды айшықты іс-шараларға жүйелі түрде қолдау көрсетіліп келеді. Биылғы жылдың аяғына дейін Алматы ипподромында  жүлделік қоры 80 млн. теңгені құрайтын 89 бәйге өтеді.  Біздің қалада қазақ  күресінен «Алматы Барысы» мен «Әлем Барысы»  сайыстарының өтуі де  спорт  әуесқойлары үшін ерекше сый болмақ» -, деді Б.Байбек.
null

Өз кезегінде ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан  Алматының еліміздің ұлттық спорт түрлері бойынша  сайыстар жиі  өтетін еліміздің спорттық және рухани орталығына айналғанын  атап өтті.
null

«Ұлттық спорт ата- бабаларымыздан қалған әрі барша әлемге мақтанышпен көрсете алатын біздің  асыл мұрамыз. Соңғы жылдары ұлттық спорт түрлері тек Қазақстанда ғана емес, тіпті шетелде де қарқынды дамып, еліміздің абырой- беделін арттыра түсуде. Оның жарқын мысалы «ЭКСПО-2017» аясында  көкпардан өтетін  әлем чемпионаты», - деді Б. Тілеухан.
null

Айта кету керек, дүбірлі додада спорттың 12 түрі бойынша сайыс өтіп жатыр. Оның ішінде 4 шақырымдық тай жарыс, 7 шақырымдық құнан бәйге, 13 шақырымдық топ бәйге, жайдақ бәйгелер, 21 шақырымдық аламан бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, тоғызқұмалақ, асық ату, жамбы ату, қазақ күресі  бар.

Биығы жүлде қоры 24 млн. теңге.
null

Сондай-ақ фестиваль қонақтарының бүркіттер мен аңшылық тазы иттердің саф өнерін, қолдан жасалған қолданбалы бұйымдардың көрмесін тамашалауға мүмкіндіктері бар.

Соңғы жаңалықтар