Алматыда тұрғын үйде өрт болып, 30 адам эвакуацияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жеке тұрғын үйде өрт болып, 30 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Олардың екеуі балалар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі, қалалық Төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Панфилов көшесінде өрт болғандығы жөніндегі хабар сағат 22-19-да келіп түсті. Бес минут өткен соң оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жетті.

Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері жеткенше, 8 қабатты тұрғын үйдің шатыры жанған. Өрт сағат 23-03-те ауыздықталды. Жалын шарпыған аймақ 35 шаршы метрді құрады.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар