Алматыда «Тұлпар-Тальго» пойызының вагонында өрт шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда депода тоқтап тұрған кезде «Тұлпар-Тальго» пойызының вагонында өрт шықты, деп хабарлады оқиға орнынан «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Оқиға пойыз «Алматы-2» стансасына келіп, жолаушыларды түсіріп, жүк кеден бекеті орналасқан депо аумағына кірген кезде орын алған.

Жалын соңғы вагонның техникалық бөлігінен шықты. Қысқа мерзімде жеткен өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады. Құрбандар мен зардап шккендер жоқ.

«Патент Тальго» ЖШС компаниясында пойыздың бос болғанын, өртті жедел түрде ауыздықтағанын растады. Көліктегі ІІД жағдайдың мән-жайын  кейінірек айтуға уәде берді.

Соңғы жаңалықтар