Алматыда туберкулездің ашық түрімен ауыратын екі студент анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда туберкулездің ашық түрімен ауыратын екі студент анықталды. Бұл туралы Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айзат Молдағасимова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпан айында туберкулездің ашық түрімен ауыратын екі студент анықталды. Біреуі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті, екіншісі ҚазАТУ студенті. Жалпы, 2017 жылы ҚазҰУ-да 5 студент анықталған. Биыл да ол жағдай азаймай отыр. ҚазАТУ-да 2017 жылы екі туберкулез студент анықталған болатын. Қыздар педагогикалық университетінде 2017 жылы 7 жағдай тіркелген. Туберкулезбен ауыратын студенттердің барлығы жатақхана тұрғындары. Алматы қаласында жалпы 2017 жылы 623 туберкулезбен ауыратын адам тіркелді. Оның 57-сі - студент», - деді департамент басшысы.

Айзат Молдағасимованың айтуынша, оған жатақханаларда көп адамның тұруы да әсер етуі мүмкін. 

«Жатақханаларында өте көп атам тұрады. Мысалы ҚазҰУ-дың жатақханалары жоба бойынша 13 000 студентке арналған, бүгінгі таңда 16 700 студен тұрып жатыр. Қыздар педагогикалық университетінің жатақханалары 2000 студентке арналған, онда қазір 6300 студент тұрып жатыр. Қазақ агротехникалық университетінде 4000 студентке арналған орында 9000 студент тұрып жатыр. 2017 жылы Қыздар педагогикалық университетінің 8 жатақханасын арыз бойынша тексердік, онда 300 балаға арналған ғимаратта 540 бала тұрып жатыр. 2017 жылы тіркелген 57 студенттің 47-сі өзге аймақтан келген», - деді ол.

Студенттер қазіргі уақытта тубдиспансерге орналастырылды. ЖОО өкілдері аталған ақпартты жоққа шығарды. 

Соңғы жаңалықтар