Алматыда троллейбус желісі үзіліп кетіп, үш көлікті қиратты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абылай хан көшесінде троллейбус желісі үзіліп кетіп үш көлікті қиратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Үзілген сымдар Құрманғазы мен Қабанбай көшелерінің арасында жерде жатыр.
null 
null 
null 

Мыстан жасалған желі 5 көлікті зақымдаған. Оның ішінде 3 көліктің терезесі, бампері қираған.

Оқыс оқиғаға байланысты «Алматыэлектротранс» ЖШС директоры Бауыржан Кулишев түсініктеме берді.

«Қаланың бәрі қазылып тастаған соң троллейбс желілерін уақытша желіге ауыстырған едік. Уақытша бекіткіштер әлсіз. Қазір ауа температурасы 25 градустан асса желілер қызып, үзіліп кетеді. Ала жаздай 10 рет осындай жағдай болды. Бұл қалыпты жағдай», - деді Б.Кулишев.
null 
null 

Оның айтуынша, арнайы қызмет өкілдері 30 минут ішінде
ақаулы сымды жөндеп, желіні қалпына келтіреді.

Ал қираған көліктердің шығынын ЖШС өкілдері МАИ қызметкерлерінің арнайы шешімінен соң ғана өтейтін болады.
null 

Соңғы жаңалықтар