Алматыда трамвай жолдары алынып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалған трамвай жолдарына демонтаж жасау жұмыстары қайта жалғасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісіндегі @kris_p_almaty парақшасында Мақатаев көшесіндегі бұзылып жатқан трамвай рельстерінің видеосы жарияланды. Қала әкімдігі трамвай рельстерінің биыл бұзылатынын растап отыр.

«Мақатаев көшесінде демонтаж жұмыстары басталып кетті. Рельстер біртіндеп шығыс бағытқа қарай алына бастайды. Жақын арада Байтұрсынов және Жароков көшесіндегі трамвай жолдары алынады»,-деп хабарлады қала әкімдігі.

Қала басшылығы таратқан ақпаратқа сүйенсек, демонтаж жұмыстарын толық аяқтау 25 тамызға жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар