Алматыда трамвай желісі сүріліп тасталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда маусым айында көшедегі трамвай рельстері алынады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандардың айтуынша, бұл көшедегі жол көлік қозғалысын жеңілдете түспек.

«Маусым айында трамвай рельстері сүріліп, 18  жол бұрылысында орташа жөндеу жұмыстары басталады. Бұл өз кезегінде  көшелердің көлік өткізу қабілетін арттыруға ықпал етеді. Шевченко, Қонаев, Өтепов көшелеріндегі 7,5 шақырым болатын трамвай рельстері алынады. Бұл учаскелерге де  орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бордюрлер реттеліп, арық жағалаулары, бекет нүктелері, велосипед жолдары көріктендіріледі», - делінген хабарламада.

null

Одан бөлек Алматыда биыл ұзындығы 83,7  шақырым 114  көше қосымша жөнделетін болады. Депутаттар  мәслихаттың соңғы сессиясында осы мақсатқа қосымша  2,5 млрд теңге бөлу жөніндегі  шешімді бірауыздан қолдады.

«Сонымен қатар, 97 мың шаршы метр тротуар, 130 бекет алаңдары абаттандырылып жатыр. 12 магистральды және ұзындығы 31,27 км болатын аудандық маңызы бар жол орташа жөндеуден өтіп жатыр. 1 маусымнан бастап ұзындығы 30,75 км болатын 19 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі кезде Байтұрсынов көшесі, Тимирязев көшесінен Абай даңғылына дейінгі аймақ қайта жасалып, велосипед жолдары ретке келтіріліп жатры. Жандосов көшесі, Сайын көшесінен Таусамалы  елді мекеніне дейінгі ұзындығы 2,08 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Жалпы, жолдарды жөндеу жобасында көлік қозғалысы бөліктерін 4 жолаққа дейін кеңейту, «Қарғалы» өзені  арқылы өтетін көпірді  қайта салу, ұзындығы 2 км болатын веложолдар мен ұзындығы 4 км болатын тротуарларды абаттандыру да қарастырылған», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Жалпы алғанда Алматыда жолдарға жүргізілетін құрылыс- жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен  9,5  млрд теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар