Алматыда тойға келген ер адамды көлік қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жарықтандырылмаған жол учаскесінде жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Талғар даңғыл жолындағы «Диана» мейрамханасына қарсы бетте болды. Батыс бағытқа бет алған көлік жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған ер адамды қағып кетті. 1987 жылы туған азамат алған жарақаттары салдарынан сол орында көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол мейрамханаға келген қонақтардың бірі болды. Жол апатының мән-жайы анықталуда.

Соңғы жаңалықтар