Алматыда тежегіші істен шыққан КрАЗ автобусты соғып, 5 адам жарақат алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ауыр жүк көлігінің тежегіші істен шығып автобусты қағып кетті. Жол апатынан 5 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол оқиғасы Қызыл ту ауылында болған.

КрАЗ ауыр жүк көлігі Құлжа тас жолындағы жаңа айналма жолмен шығысқа бағыт алып келе жатқан. Орталық көшеге шығар тұста жүк көлігінің тежегіші істен шығып жолдағы №418 бағдардың автобусын қағып кетті.

Жол апатынан автобустың 5 жолаушысы жапа шеккен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем оларды ауруханаға алып кетті.

Соңғы жаңалықтар