Алматыда таяуда «Цифрлық ХҚКО» ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов таяуда Қазақстан аумағында ашылатын Халыққа қызмет көрсету орталықтары жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы жылдың басында Астанада «Цифрлық ХҚКО» жобасын іске қостық. Оның мақсаты электронды қызметтерді көрсету үлесін арттыруға бағытталған. Ел азаматтары «Цифрлық ХҚКО» арқылы өткен кезде шын мәнінде электрондық қызметтер жеңіл екенін әрі қолайлы болып отырғанын түсінуде», - деп атап өтті А. Оспанов Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.
null 

Мемлекеттік корпорацияның мәліметіне қарағанда, жақында Алматы қаласында, кейін барлық облыс орталықтарында цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады. Цифрлық фронт-офисте мемлекеттік қызметтер толықтай автоматты түрде ұсынылып, азаматтар жоғары технологияларға негізделген құрылғылар арқылы қызметтерге өз бетінше қол жеткізеді.

Абылайхан Оспанов 2017 жылы мамандандырылған ХҚКО-лар Көкшетау мен Семей қалаларында ашылғанын еске салып өтті.

«Осы арқылы, бүгінде Қазақстан бойынша 14 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ секторлар деңгейінде тағы екі мамандандырылған ХҚКО жұмыс істеп жатыр. Биыл қосымша осындай орталықтар Атырау мен Орал қалаларында ашылады», - деп нақтылады ол. 

Соңғы жаңалықтар