Алматыда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына берілетін жәрдемақы мәселесі түсіндірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жетісу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Мұса Әбдірейімов ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай берілетін жәрдемақыға қатысты мәселені егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бюджеттің және әлеуметтік сала қызметкерлеріне жәрдемақылар мен сыйақылар берілетіні хабарланған болатын. Оны 114 мың алматылық алады. Бюджеттік және әлеуметтік сала қызметкерлері бір айлық жалақы көлемінде сыйақы алулары тиіс болатын. Ал, әлеуметтік жағынан аз қамтылған әр азаматқа 50 мың теңге берілуі тиіс еді.

Оның сөзінше, жәрдемақыны ҰОС ардагерлері мен оған теңестерілген азаматтар, соғыс мүгедектері, ядролық полигон мүгедектері, желтоқсан оқиғасына қатысушылар, арнауы әлеуметтік көмек алатындар, 18 жасқа дейінгі балалары үшін жәрдемақы алатындар, тұрғын үй көмегін алушылар, 1-2 топтағы мүгедектер алады.

Жәрдемақы алатын азаматтардың қатарында көпбалалы аналар, мүгедек бала асырап отырған отбасылар, Кеңес Одағы тұсында Ерен еңбегі үшін орден, медальдарымен марапатталған азаматтар, құрт ауруымен ауыратындар, жақындары Чернобыль апатынан қайтыс болған отбасылары бар.

Жәрдемақы төлеу орталығы осы дәрежедегі азаматтардың тізімін жасады және осы тізімнің негізінде қажетті көмек бөлінетін болады. Жәрдемақы алуға жататын топтағы азаматтар тісті көмектерін алу үшін өз аймақтарындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласулары керек.

Соңғы жаңалықтар