Алматыда суицидке себепкер болған полицей 5 жылға сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Бостандық ауданы ІІБ көмекшісіне суицидке қатысы бар деген айып тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№2 Бостандық аудандық сотының хабарлауынша, оқиға 2016 жылдың 11 желтоқсанында болған. Сол күні таңғы сағат 04-56-да аудандық ІІБ кезекші бөліміне «Старт» бильярд клубында жаппай төбелес болғаны туралы ақпарат түскен. Таңғы 05:03-те «Боран-136/137» 7 адамды бөлімшеге алып келіп, кезекішінің көмекшісі Данабек Дайыровқа табыстаған. Дайыров ұсталғандардың бірі - Нұржан Байманасовты жеке уақытша ұстау бөлмесіне басшылықтың келісімінсіз, ешқандай құжат толтырмастан қамаған. Оны жалғыз қамап, қалғандарының аты-жөнін анықтау мақсатында бөлмеден шығып кеткен. Таңғы 05:48-05:50 аралығында Нұржан Байманасов белдігіне асылып өлген. Мүрдені таңғы 06-18-де анықтаған. Сот-медициналық сараптама қортындысы  Байманасовтың қылғынып өлгенін растады.

Сотта Данабек Дайыров кінәсін мойындаған жоқ. Алайда, сот жинақталған материалдар негізінде 27 маусым күні оның кінәлілігін дәлелдеп, оны 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған.

Дайыров қазіргі уақытта қылмыстық түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүр. Сондай-ақ, ол қаза тапқанның отбасына 200  мың теңге көлемінде моральдық шығын өтейді.

Сотталушы аппеляциялық сатыға шағымданғанымен, сот бастапқы үкімді өзгеріссіз қалдырды. 

Соңғы жаңалықтар