Алматыда «Subaru» қоқыс таситын көлікке соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Subaru» жүргізушісі қатты жылдамдықта қоқыс таситын көлікке соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы батыс бағытта әл-Фараби даңғылы бойында орын алды.





Қоқыс таситын көлік жүргізушісі жолдың жиегімен баяу жылдамдықта жүріп келе жатқанын, кенеттен артына «Subaru» маркалы автомобилі соғылғанын түсіндірді.



Апат салдарынан жеңіл көлік қатты зақымданып, «Subaru» жүргізушісі №7 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар