Алматыда «Star of Asia» көрермендерін арнайы автобус тасымалдайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматыда әлемнің ең танымал әншілерінің басын қосатын «Star of Asia» фестиваліне дайындық қызу жүруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, мәдени шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылмақ.

Ауқымды музыкалық шараға келушілерді тасымалдау үшін қалалық әкімдік арнайы автобус бөлмек.

Көрермендер Абай даңғылындағы орталық стадионда, Достық пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында жиналады.

Жолаушылар көлігі фестиваль өтетін жерге сағат 16:00-ден 18:30-ға дейін қатынайды. «Медеуден» кері қайтатын рейстер 22:00-ден 23:30-ға дейін жүреді. Жолақысы- 150 теңге.

Фестиваль өтетін күндері жеке көліктер үшін тұрақтар саны артады.

Биік тау шатқалындағы ауа райы қаладағыдан едәуір салқын, сондықтан ұйымдастырушылар фестиваль күндері жауын жауып, жел тұруы мүмкін екенін ескертеді әрі мәдени шара қонақтарына арнап жауынға киетін плащ әзірлеп қойды.

Естеріңізге салсақ, мәдени шара 19-20 тамыз күндері Алматыда өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Алматының Қала күні қарсаңында мегаполисте оқиғалы туризмді дамыту мақсатында өткелі отыр.

Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, соңғы он жыл ішінде оқиғалы туризм жедел дамып келеді. «Star of Asia» шарасы туристер легін арттыруға ықпал етеді. Қала басшылығы «Star of Asia» Алматыдағы туристік саланы өрістетудің негізгі элементтерінің бірі деп есептейді. Форматы жағынан мүлдем өзгеше «Star of Asia» континентальді фестивалі «Азия даусының» жалғасы іспетті. Әкімдік фестивальді Аматыға келетін жұлдыздар саны және сапасына қарай «Сан Ремо»,«Славянский базар», «Новая волна» сияқты құрлықтық байқауға айналуы мүмкін екенін айттады.

«Фестивальға хип-хоптан RnB-ге дейін, сондай-ақ, инди-поп, электр және рок, яғни түрлі бағыттағы әндердің заманауи үздік орындаушылары келеді. Әлемге танымал шетелдік диджейлер хэдлайнерлерге айналады. Концерттен өзге фестиваль барысында флешмобтар мен түрлі стильдегі би баттлдары да көрсетіледі», - дейді фестивальді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, бұған дейін хабарланғандай фестивальға Оңтүстік Кореяның «U-Kiss» тобы және «Asia Song Festival», «Chineese TOP Awards», «Best Male Music Video», «Korean Culture Entertainment Awards», «Korean Video», «Daejun Awards» музыкалық сыйлықтарының лауреаты келеді.

Фестиваль билеттері Kassir.kz, Chocolife.me, Ticketon.kz сайттары мен Республика сарайының, Мега Орталықтың және «Меломан» желісінің кассаларында сатылады.

Соңғы жаңалықтар