Алматыда спорттық биден «Күз вальсі» халықаралық жарысы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін  Алматыда спорттық биден «Күз вальсі-2017» 11-халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа Қазақстан спортшыларынан бөлек Қырғызстан, Беларусь, Украина, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерінің өкілдері қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл турнир Алматыда 2005 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Жарыс аясында халықаралық сайыстардың категориясы бойынша ҚР біріншілігі мен кубогы өткізіледі: балалар (4-6 жас); ювеналдар 1 (7-9 жас); ювеналдар 2 (10-11 жас); юниорлар 1 (12-13 жас); юниорлар 2 (14-15 жас); жастар (16-18 жас) және ересектер (19-дан жоғары).

Жарысқа өзге мемлекеттерден келген білікті мамандар төрелік етеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 19 қараша күні анықталады.

Соңғы жаңалықтар