Алматыда спорт күніне арналған велошеру өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 тамызда Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Спорт күніне арналған велошеру өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алып шаһардың тұрғындары мен қонақтары таңғы сағат 08:30 -де «Нұрлы Тау» бизнес орталығына жиналып, ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотореяның нөмірлерін алып, одан кейін 9 шақырым қашықтықты бағындыру үшін жолға шығады.
Әуесқойлар велошеруді Тұңғыш президент саябағында аяқтайды. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылатын болады.
Сонымен қатар, Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығың ескертеді.
Аталмыш велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2017-ші жылы жоспарланған 21 велошерудін он бесіншісі болып саналады. «Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.
Айта кетер жайт, Қазақстанда «Спорт күні» тамыздың үшінші жексенбісінде жыл сайын атап өтіледі. Ал тамыздың 20-і күніне жоспарлаған велошеру әуесқойларға арналған «Tour of World Class Almaty» кәсіби веложарысының өтуіне байланысты болмайды.

Соңғы жаңалықтар