Алматыда шорт-трекшілер ҚР кубогін сарапқа салуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы күндері Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шорт-тректен ҚР кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сайыс 21 қазан күні басталды және 2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада қарсаңындағы тестілеу шарасы болып саналады.

Жарыстың екінші күнінде конькишілер 500 метр қашықтықта бақ сынады. Әйелдер арасында атыраулық келген Ким Йонг А жеңімпаз атанса, екінші болып қостанайлық Анастасия Крестова келді. Ал Батыс Қазақстан обылысынан келген конькиші Анита Нагай қола жүлдені қанағат тұтты.

Ерлер арасында 500 метр қашықтықта конькимен жүгіруде Атырау тумасы Мерсаид Жақсыбаев үздік нәтиже көрсетті. Жеңімпаздар мінберінен екінші орында Батыс Қазақстан спортшысы Әділ Ғалиахметов көрінсе, Атырау облысы спортшысы Евгений Ребик қола жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар