Алматыда сел қаупін туғызатын көлдердің деңгейі 2 метрге төмендеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сел қаупін туғызатын көлдердің деңгейі 2 метрге төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД мамандары  атқарған жұмыстардың арқасында қауіп төндіретін мұздық көлдердің суы азайып келеді.

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі 9 мұздық көлдегі су деңгейін төмендетуге 30 маусымнан бастап кірісті.

«Жұмыстардың екінші кезеңінде 6 көлде 5 сорғы орнатылды. Диаметрі 300 мм болатын сифон құбырлары монтаждалды. Осы іс-шаралардың нәтижесінде Ақсай өзенінің сол жақ алабындағы № 9, Ақсай өзенінің сол жақ алабындағы № 10, Үлкен Алматы өзенінің алабындағы № 13 Бис (2 сорғы) және Оң Ақсай өзенінің алабындағы № 8 мұздақ көлдерде сифондар мен 5 сорғы жұмыс істеп жатыр. № 1 «бис» Проходная көлінде сифон мен эвакуациялық канал іске қосылды. Қалған төрт көлдегі су эвакуациялық каналдар арқылы ағып кетеді. Бүгінгі күні Оң Ақсай өзен алабындағы № 4 көл толық босатылды», - делінген хабарламада.

Мамандардың мәліметінше, жұмыс басталғалы бері көлдерден 1200 мың текше метр су ағызылды. Соның арқасында су деңгейі 2 метрге төмендеген.

«8 көлдің шұңқырында мұздықтардан құйылған судың есебімен су көлемі 1230,3 мың текше метр болса, оның алдында сайда 1398,9 мың текше метр су болған. Мұздықтардан секундына 600 текше метр келеді. Ал сорғылар арқылы 1640 л/с су айдалып жатыр. Жұмыстар басталғалы барлығы 1200 мың текші метрден астам су ағызылып, 2 метрге дейін су деңгейінің төмендеуі байқалуда», - деді департамент мамандары.

Айта кету керек, Алматы тауларында барлығы 36 көл болса, олардың 17-сінің тасу қаупі бар. Биыл 9 көл ерекше қауіп туғызып отыр.

Көлдердің жағдайына бақылау жүргізу үшін «Ақсай», «Қарғалы», «Үлкен» және «Кіші Алматы» өзендерінің алаптарында 9 тұрақты биік таулы маусымдық бекетке қоса тағы 8-і ашылды. Барлық бекеттер қажетті гидрометеорологиялық жабдықпен, аспаптармен және УҚТ-диапазондағы байланыс құралдарымен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар