Алматыда сәулетті жеке үй иелері мемлекетке 36 млн теңге берешек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда элиталық үйде тұратындардың салықтық қарызы 36 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Егер жақын арада олар берешегін өтемесе, құзырлы органдар олардың атын атап, түсін түстеуге дайын. Бұл туралы Медеу аудандық мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

Мамандардың айтуынша, борышкерлердің арасында Қазақстанға белгілі тұлғалар да жетерлік.

Жеке тұлғалардың салықтық борышы құпия емес болғандықтан, 1 шілдеден бастап аталған тұлғалардың есімі жалпақ жұртқа жария етілетін болады.

«Көктөбеде орналасқан аумағы 1568,5 шаршы метр, құны 132,6 млн теңге болатын үйдің қожайыны бюджетке 1,6 млн теңге қарыз. Мұндай мысалдар көп. Тіпті  арасында бірнеше үйдің иелері де бар. Егер 1 шілдеге дейін салық төленбеген жағдайда іс материалдары сот органдарына берілетін болады. Сондай-ақ, банк операциялары бойынша, шет елге шығуға шектеу қойылады», - деді Медеу аудандық басқармасынан.

Қазіргі таңда басқарма мамандары мүлік пен жер салығын төлету бойынша жұмыс жасап жатыр.

Соңғы жаңалықтар