Алматыда сәуірдің басында жоғалған әйел іздестіріліп жатыр

None
None
Алматы. ҚазАқпарат - Алматы полициясының үндеуімен 41 жастағы жоғалған әйелді іздеуге Көкшетау полициясы да кірісті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Жоғалған әйелдің туыстарының айтуынша, Тахмина Емерова 4 сәуірден бастап байланысқа шықпаған.

«Біз Әуезов аудандық ІІБ-ге Тахминаның жоғалғаны жайлы мәлімдедік. Әзірге оның Көкшетауға билет алғаны белгілі болып отыр. Ол соңғы рет өз ағасына дос қызының үйіне баратыны жайлы хабарлаған», - дейді Тахминаның әпкесі Зарина Мұхамедова.

Қолда бар мәліметке орай, Алматы қаласы құқық қорғау қызметінің мамандары жоғалған әйелді іздеуді бастап, Көкшетаудағы әріптестеріне ақпарат берген.

«Тахмина Емерованың жоғалғаны туралы арыз оның туыстарынан Әуезов аудандық ішкі істер басқармасына түскен. Қылмыстық полиция қызметкерлерінен тұратын оперативті топ құрылды. Қазір олар әйелдің баруы мүмкін мекенжайлары мен өзге де ақпараттарды анықтаумен айналысып жатыр. Көкшетаудағы әріптестеріміз де барынша көмектесіп жатыр», - дейді Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Естеріңізге сала кетсек, 41 жастағы әйелдің жоғалғаны жайлы оның туыстарынан белгілі болды. Тахмина Емерова еш хабарсыз кеткен соң  оның туыстары дабыл қағып отыр.

Соңғы жаңалықтар