Алматыда саудаға шығарылатын дәрі-дәрмек қалай сақталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда GDP стандартына сай келетін медикаменттерге арналған қоймалар ашылып жатыр. Осындай қоймалардың бірінде болған ҚазАқпарат тілшісі дәрі-дәрмектің қалай сақталатынын өз көзімен көріп қайтты.

2018 жылдан бастап отандық дистрибьюторларға GDP  халықаралық стандартына сай болу туралы талап қойыла бастайды.

Қазір осыған байланысты салада дайындық жүріп жатыр.

Жетекші дистрибьюторлық компаниялар аталған стандартқа сай келетін қоймаларды ашып үлгерді.

Тек Алматы өңірінің өзінде ғана аталған  стандартқа сай келетін 5 ірі қойма бар. Жақында «А» класты қойма ашылды. Мұнда алғаш рет гравитациялық стеллаждар қойылып, конвейерлік желі қосылған.

«Денсаулық сақтау министрлігінің осы бағыттағы саясаты айқын. 12 мамырда  Парламент мәжілісі отырысында осы туралы айтылды. Біздің талаптарымыз орындалып жатқанына қуаныштымыз. Тұтынушылар үшін - дәріні сақтау, сапасын жоғалтпау аса маңызды мәселе. Бұл дәрілер ел емханаларына, дәріханаларға таратылады. Дәрі - айрықша сақтау шарттарын талап ететін ерекше тауар. Егер, бұл талаптар орындалған болса, ем шарасында әсері тиімдірек болары сөзсіз», - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова.

Қоймада барлығы 150 адам жұмыс жасап отыр. Қалған жұмыс автоматтандырылған. Мұнда 5 мыңнан астам отандық және шетелдік дәрі-дәрмек өндірушілердің өнімдері сақталып тұр. Күніне мыңға тарта тапсырыс түседі. Барлығы қоймада 12 мыңға жуық дәрі сақталатындай орын бар. Қойма кешенінің кей блоктарының биіктігі 22 метрге дейін жетеді.

Осындай қоймалардың бірі Алматы облысы Абай ауылында орналасқан. GDP стандартына сай ашылған қойма шалғай ауылдардағы тұтынушыларды дәрімен қамтуға арналған.

Мұнда конвейерлік желі, энергиялық туаттандырудың балама көздері, 2 тоңазытқыш камерасы бар. Дәріні сақтауда 4 қажетті температуралық режім бар. Арнайы термобокстары бар автокөлік   дәріні шалғайдағы ауылдарға жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар