Алматыда сауда орталығының 3-қабатынан құлаған бала есін жиды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық дәрігерлер «Март» ойын-сауық сауда орталығында 3 қабаттан құлап кеткен баланың денсаулығына қатысты тағы да мәліметтер берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы Жедел медициналық көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхаммед Рузуддинов «Март» сауда-ойын сауық орталығының 3- қабатынан 12 қазан күні құлап кеткен балаға тағы бір ота жасалғанын жеткізді.

«Бала ауруханаға түскен кезде қосарланған жарақат болғанын хабарлағанбыз. Ашық бас ми жарақаты болғандықтан алғашқы ота бас сүйегіне жасалды да бала кома жағдайында аппаратта жатты. Өйткені бірнеше күнгі жағдайы ауыр болғандықтан аяғына ота жасалмады. 4 күннен кейін бала есін жиғаннан соң, оң аяғының ортаңғы жілігіне ота жасалды. Қазіргі кезде аяғының сүйектері жақсы, бала есін жиды, сөйлеп, тамағын ішіп жатыр. Бірақ әлі жансақтау бөлімінде», - деді  Дінмұхаммед Рузуддинов.

Еске сала кетейік, 12 қазан күні 2 жасар бала «Март» ойын-сауық сауда орталығының 3 қабатынан құлап кеткен болатын.

Дәрігерлер балаға қосарланған жарақат, ашық бас ми жарақаты, ортаңғы жілік сынығы, кеуде, іш пердесінің соғылуы секілді диагноз қойған болатын. Оқиға Түркісіб аудандық ІІБ қайғылы жағдай ретінде тіркеуге алынған.

Соңғы жаңалықтар